facebook youtube twitter

Пайдаланушыларды тіркеу және жүйеге кіру үшін пайдалы кеңестер

Пайдаланушыларды тіркеу және жүйеге кіру үшін пайдалы кеңестер


Егер өзіңіздің ConfTool аккаунтыңызға кіруге қатысты  немесе жаңа есептік жазбаны жасаумен келелі мәселелер туындаса  келесі нұсқаулықтарды қараңыз. 

Конференцияның ұйымдастырушысының электронды поштасының байланыс мекен-жайын ConfTool кез келген парағының төменгі сол жақ бұрышынан табуға болады (1 бейнені қараңыз)

1 бейне – ConfTool кіру экраны. Үлкейту үшін бейнені басыңыз. 

ConfTool кіру проблемаларын шешу жөніндегі нұсқаулық 


Біріншіден, пайдаланушы аты мен паролінің тіркелімге сезімтал екендігіне назар аударыңыз, яғни “peter” және “Peter” – бұл екі әр-түрлі пайдаланушы аты немесе парольдері. Оның үстіне, кейбір әріптер мен цифрлар ұқсас келеді, мысалы, «О» бас әрпі және «0» цифры бірдей сияқты, бірақ әр-түрлі символдар болып табылады.

Егер Сіз өзіңіздің пайдаланушы атын ұмытып қалсаңыз, оны кіру парағындағы «Пайдаланушының атын ұмыттыңыз ба?» сілтемесін қолдана отырып қалпына келтіруге тырысыңыз. Сізге Сіздің есептік жазбаңыз үшін қолданылатын электронды поштаның мекен-жайын енгізу қажет болады. Егер жүйе мұндай электронды поштаның мекен-жайы бар «пайдаланушы» ConfTool тіркелмеген деп жауап беретін болса, онда мына себептердің бірі орын алған:

  • Тіркеу барысында Сіз басқа электронды поштаның мекен-жайын қолдандыңыз. Басқа мекен-жайды енгізіп көріңіз. 
  • Сізде ConfTool дерегі бар есептік жазба жоқ.  Әдетте әрбір конференцияның өзінің жеке пайдаланушы деректер базасы болады және Сізге басқа конференция үшін жаңа есептік жазбаны жасау керек.
  • Сіздің есептік жазба жасалған кезде, электроны поштаның мекен-жайында қате басылып кеткен. Сізге Сіздің есептік жазбаңыздың деректерін жаңарту үшін конференцияның ұйымдастырушыларымен хабарласу керек.
  • Сізде екі есептік жазба бар (әдетте екі түрлі электронды пошта мекен-жайларымен)

Егер жоғарыда берілген кеңестер Сіздің проблемаңызды шешпесе, конференцияның ұйымдастырушыларына хабарласу керек. They can easily check: Они могут: Олар келесідей іс-қимыл жасай алады:

  1. Сіздің есептік жазбаңыздың бар –жоғын тексере алады.
  2. Сіздің электронды поштаңыздың мекен-жайын тексере алады (және жаңартады).
  3. Сізге Сіздің пайдаланушы атауын жібере алады және\немесе 
  4. Қайталанған есептік жазбаларды біріктіреді (қажет болса)

Олар (әдетте) Сізге Сіздің пароліңізді жібере алмайды, себебі ол шифрланған.  Сондықтан, егер Сіз өзіңіздің пайдаланушы атауын білсеңіз, бірақ парольді дұрыс енгізбесеңіз, «Парольді ұмыттыңыз ба?» сілтемесін қолданыңыз (2 суретті қараңыз).  Сіз парольді қалпына келтіру үшін электронды хат аласыз.

Егер проблемаңыз шешілмесе, конференцияның ұйымдастырушылары жаңа пайдаланушы атауын және\немесе пароль жасап, Сізге жібере алады. 


2 сурет – Пайдаланушы атауын немесе парольді ұмыттыңыз ба: үлкейту үшін суретке басыңыз. 

ConfTool жаңа есептік жазбаны құру бойынша кеңестер

Жаңа есептік жазбаны құру үшін  кіру парағында «Тіркелу» дегенге басыңыз (3 суретті қараңыз) Енгізу жолының белгісі алдында тұрған «*» жұлдызшамен белгіленген барлық жолдарды  толтырып шығыңыз.  

Егер Сізде ConfTool –де осы конференция үшін есептік жазбаңыз болса, екінші есептік жазбаны құрмаңыз. Мысалы: егер Сіз құжатты жіберіп қойсаңыз, конференцияға қатысуға тіркелу үшін сол есептік жазбаны қолданыңыз.

Егер электронды поштаның мекен-жайы дәл сондай екінші есептік жазбаны құруға әрекет жасайтын болсаңыз, Сіз қателік туралы хабарламаны аласыз. Бұл жағдайда, егер Сіз оларды ұмытсаңыз пайдаланушы атауы мен парольді қалпына келтіру үшін өзіңіздің электронды поштаңыздың мекен-жайын қолданыңыз (жоғарыдан қараңыз). Назар аударыңыз: кейбір жағдайларда ұйымдастырушылар пайдаланушыларға бірдей электронды пошта мекен-жайымен бірнеше есептік жазбаларды құруға рұқсат береді; мұндай жағдайларда барлық әрекеттер үшін бір есептік жазбаны пайдалану керек.

Есептік жазбаны құру кезінде, деректерге келесі талаптарды орындау керек:

  • ConfTool Сіз дұрыс мекен-жайлы енгізіп жатқаныңызға көз жеткізу үшін және қате баспау үшін бірнеше тест орындайды. Сіздің электронды поштаңыздың мекен-жайы өтінім беру процесінде және тіркеу процесінде конференция туралы Сізбен байланысу үшін қолданылатын болады.
  • Пайдаланушы аты бірегей болу керек, яғни  ConfTool –та сол атпен тіркелген басқа пайдаланушы болмауы керек, және кемінде екі символдан тұру керек, сондай-ақ тіркелімге сезімтал келеді.
  • Пароль кемінде 5 символдан тұрады, тым болмағанда бір латын символы (a-z) және бір цифры (0-9) болуы керек, сондай-ақ тіркелімге сезімтал келеді.
  • Пароль күрделі болуы керек, мысалы ол Сіздің атыңызбен сәйкес келмеуі тиіс.

 Егер есептік жазбаны құруда проблемалар туындаса, электронды пошта арқылы конференцияның ұйымдастырушыларына хабарласыңыз және барлық қажетті деректерді көрсетіңіз. Конференция ұйымдастырушылары Сізге көмектесе алады. 


3  суреті – Тіркелу: Үлкейту үшін суретті басыңыз