facebook youtube twitter

Көлік

Сапарлар

Астананың халықаралық әуежайы Орталық Азиядағы ең заманауи авиациялық тораптарының бірі болып келеді. Бұл жерде 120 жүйелі күнделікті рейстерді 25 әуе компаниялары ұсынады, оның ішінде AirAstana, KLM, Lufthansa, TurkishAirlines, Etihad, Трансаэро, AustrianAirlines, ChinaSouthernAirlines және т.б. 

Қоғамдық көлікті пайдалану

Қазақстанда қоғамдық көлік сенімді, қымбат емес және қауіпсіз болып табылады. Көптеген автобустардың жұмыс уақыты 6.30 дан бастап кешкі 11.00 ге дейін. Өзіңізге жақын аялдаманы тауып, өзіңіздің бағдарыңызды автобуспен жоспарлаңыз олүшін  http://kz.easyway.info/en/cities/ Астана веб-сайтын қарай аласыз. Сіз Appstore және Googlemarket қолжетімді AstrabusApp,пайдалана аласыз.  Егер сіз автобуспен шықсаңыз, автобус аялдамаларында жалғыз болмауға тырысыңыз. Біреуді күтіп алуды сұраңыз.

Жергілікті достарыңыз немесе ұжымдастарыңыз белгіленген орынға жету үшін жақсы автобусты ұснынуы мүмкін. Сұрап алу ешқашан артық етпейді.

Бірінші сапарға бағдармен және жүйемен таныс біреуді алыңыз. Жүйені пайдаланар алдында қалай жүру керектігін, қандай көшелер арқылы өту керектігін білуіңіз керек.

Көлік құралдары жиі толық болады, әсіресе шекті сағаттар кезінде, сондықтан егер мүмкіндік болса жол жүру үшін уақытты жоспарлап алу керек. 

Таксиді пайдалану 

Сіз Қазақстанда болған уақытта Сізге такси керек болатын кездер болады, мысалы басқа жерде өткізген түнге дейін немесе кейін. Егер сіз жаяу жүру қауіпсіз емес деп есептейтін болсаңыз, такси қызметтерін пайдалануға болады. Сіз таксиді пайдаланған кездегі кейбір негізгі қауіпсіздік ережелерін білуіңіз керек:

Егер такси керек болса, өзіңіз тоқтаған мейманхана, Университеттің диспетчерлік қызметін немесе достарыңыз/ ұжымдастарыңыздан Астанада такси қызметін ұсынатын компанияны ұсынуды сұраңыз. Тек мемлекеттік такси компанияларын пайдалануға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, кейбір таксилер жеке көлік құралдары болып табылады және біршама арзанырақ болады, бірақ телефон бойынша тапсырыс беретін таксилерге қарағанда олардың қауіпсіздігі төмен болады. Шетелдіктер және жергілікті тұрғыгдар бағыттас машинаны тоқтатып мінеді. Егер көліктің осы түрін көргіңіз кесе, кейбір ережелерді сақтау керек: бір адамнан астам отырған автокөлікке мінбеу керек, ал егер автокөлік дұрыс жүріп келе жатпаса, жүргізуші мас болуы мүмкін. Егер жеке меншік таксиді алатын болсаңыз, өзіңіз білетін біреуге алған таксиіңіздің нөмірін айтыңыз. Егер таксиде есептегіш болмаса, келеңсіздіктер орын алмас үшін төлемақысы жайлы алдын ала келісіп алу керек.

Мүмкіндік болса таксидің артына отыру керек

Жүргізушімен сөйлесуге болады, бірақ оған артық ақпарат бермеу керек.

Ақшаны дайындап, шығардың алдында берген дұрыс.