facebook youtube twitter

Қазақстан туралы

Расположение


Қазақстан Республикасы президенттік басқару үлгісіндегі біртұтас мемлекет болып саналады. Конституцияға сәйкес, ел өзін жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде растайды.


Қазақстан тәуелсіздігіне 1991 жылдың 16 желтоқсанында ие болды.  Мемлекеттік тілі-қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесін алған. Ақшалай валютасы –теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті елбасы, мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі бағыттарын белгілейтін және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыратын, оның жоғары лауазымды тұлғасы  болып саналады,  Президент –адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігі, Конституция тұрақтылығының, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышаны мен кепілдігі. 


Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылықты жүзеге асырады. Екі Палата- тұрақты түрде әрекет ететін Сенат пен Мәжілістен құрылған Парламент заңнамалық міндеттерді атқарады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қала мен астанадан екі адамды ұсынатын депутаттардан құралады. Сенаттың он бес депутатын ұлттық-мәдени өкілдіктер мен қоғамның маңызды мүдделерін қамтамасыз ету қажеттіліктерін ескере отырып, Президент тағайындайды.

Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады, олардың тоғызы Қазақстанның Халықтар Ассамблеясынан сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі–алты жыл,  Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі-бес жыл. Қазіргі кезде Мәжілісте үш партия ұсынылған- «Нұр Отан»,  «Ақ жол» және Қазақстанның коммунистік халық партиясы.

Елдің әкімшілік-аймақтық құрылымына 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қала кіреді.

Қазақстанның халық саны 17 млн. адамнан асады. Қоғамның этникалық құрылымы 2009 жылғы ұлттық санаққа байланысты мынадай: қазақтар - 63,07%, орыстар - 23,7%, өзбектер - 2,85%, украиндар - 2,08%, ұйғырлар- 1,4%, татарлар - 1,28%, немістер - 1,11%, басқа ұлттар- 4,51%.


2 млн 724,9 мың километр аймақты алып жатқан еліміз әлемде ауданы бойынша тоғызыншы орында тұр. Республиканың солтүстігі мен батысында Ресеймен ортақ – 7 591 км (әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекарасы),шығыста Қытаймен – 1 783 км, оңтүстікте Қырғызстанмен – 1 242 км, Өзбекстанмен – 2 351 км және Түркіменстанмен – 426 км ортақ шекарасы бар. Құрлықтағы шекарасының жалпы ұзақтығы – 13 200 км.

Қазақстан- Әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайтын, әлемдегі ең ірі ел. Ел аймағының көп бөлігін шөл далалар – 44% мен жартылай шөл далалар – 14% құрайды. Қазақстан аумағының 26%-далалар, 5,5% -ормандар алып жатыр .Елде 8,5 мың өзен бар. Каспий теңізі акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда 48 мың үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ең үлкендері- Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығы елдің шұғыл континентальды климатына себепші болады. 


Елдің минералдық-шикізат базасы болжамды құны ондаған триллион долларға бағаланатын, 5 мың кен орнынан тұрады. Республика мырыш-вольфрам және бариттің барланған қорлары бойынша-бірінші, күміс, қорғасын мен хромиттер бойынша-бойынша екінші, жез және флюорит бойынша-үшінші, молибден бойынша-төртінші, алтын бойынша-алтыншы орында тұр.  

Қазақстанның батыс облыстарында шоғырланған, айтарлықтай мұнайгаз қорлары бар (мұнайдың расталған қорлары бойынша әлемде 9-орында). Сонымен бірге, республика көмір қорлары бойынша 8-орынға, уран қорлары бойынша 2-орынға ие.

Қазақстан әлемдік бидай экспорттаушыларының ондығына кіреді және ұнды экспорттаудың көшбасшыларының бірі болып саналады. Солтүстіктегі 70% егістік жерге дәнді және техникалық дақылдар-бидай, арпа, тары егілген. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді.Қазақстан өзінің бау-бақшаларымен, жүзімдерімен және бақша дақылдарымен танылған. Ауыл шаруашылығының жетекші бағыттарының бірі мал шаруашылығы болып саналады.

Негізгі экспорттық тауарлар қазу, отынды-энергетикалық, металлургиялық және химиялық өнеркәсіп, сондай-ақ дақылды индустриясының өнімдері болып табылады. Республиканың негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа мен ТМД мемлекеттері.

Елдегі экономиканы диверсификациялау үшін индустриалды-инновациялық дамытудың бағдарламасы сәтті іске асырылады, оған сәйкес ескілері модернизацияланады және жаңа кәсіпорындар ашылады.

Қазақстан басты континентті байланыстыратын буын ретінде тарихи рөлді жандандыратын және оны Еуропа мен Азия арасында өзіндік көпір – өңірдің ірі іскер және транзитті хабқа айналдыратын «Жаңа Жібек Жолы» ауқымды жобасын іске асырады. 2020 жылға қарай республика арқылы транзитті жүк ағынының көлемі 2 есеге дейін өсті.


2014 жылы Елбасы Қазақстанның өңірлерін магистраль жолдарымен қосуға, логистикалық, әлеуметтік және индустриалды инфрақұрылымды қосуға тартылған «Нұрлы жол» ауқымды инфрақұрылымды құрылыстың бағдарламасы жарияланды.

Қазақстан «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыруға кірісті, бұл Бес халық реформаларын іске асыру мақсатында түбірлі өзгерістерді қарастырады:  кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның жоғары болуын қамтамасыз ету, бағынысты мемлекетті қалыптастыру, бірлік және сәйкестік, экономикалық өсім мен индустриализацияны қамтамасыз етеді.

Елдің ауқымды әлеуметтік жаңғырту жүзеге асырылады – жаңа мектептер құрылады, кәсіби колледжер және университеттер, қазіргі заманға сай медициналық клиника және ауруханалар ашылады, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдіріледі. 

Қазіргі кезде республикада 130 этностың өкілдері тұрады, Қазақстан халқының Ассамблеясы – этникааралық қатынастарын үйлестіру бойынша консультативтік-кеңес бепу органы сәтті жұмыс істейді. Астанада жүйелі негізде дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшылардың Съездері өткізіледі.


Орталық Азияда көшбасшы болып табыла отырып, республика өңірдің тұрақтылығын күшейтуде елеулі салым жасайды. Ел үлкен жетістікке әлемдік аренада қол жеткізді. Бұған ОБСЕ-де Қазақстанның төрағалығы және 2010 жылдың желтоқсан айында осы беделді халықаралық ұйымның Астанада Саммиті өткізу дәлел болды. Елдің елеулі бастамасы ОБСЕ азиаттық аналогы – СВМДА жобасын дамыту және оны іске қосу болды. Оң пікірге ИӘҰ- ислам әлемінің жетекші ұйымның төрағасы ретінде Қазақстанның жасампаз қызметі алды. Ел ғаламдық ядролық жаһандық қозғалыста танылған көшбасшы болып табылады.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одағының мүшесі болып табылады.

Экономиканың барлық салаларының тұрақты өсімі, халықаралық тану, саяси тұрақтылық қазақстан қоғамының гүлденуіне негізге айналды. Қазақстан – бұл өзінің мәдени дәстүрлерін сақтайтын және қазіргі заманғы қарқынды әлемде үлкен жасампаз әлеуетті сәтті іске асыратын келешекке талпынған ел.

Дереккөз



Video provided by the Ministry for Investments and Development of Kazakhstan