facebook youtube twitter

Конгресс туралы

IPMA Дүниежүзілік  Конгресі  бірнеше ондаған жылдар бойы бизнес-кәсібилерді, тәжірибешілдерді, менеджерлер мен халықаралық компаниялар өкілдерін, жетекші ғалымдарды, оқытушыларды, профессорлар мен студенттерді, БАҚ және ҮЕҰ, түрлі секторлар мен мамандықтар әкілдерін біріктіре отырып, жобаларды басқару жөніндегі әлемдік жетекші конференция болып табылады.

Конгрес өткізілген кезде жобаларды басқарудың ең үздік әлеуеті мен басқару әлемі кәсібіи және академиялық жұмыстар, позициялық құжаттар, ең үздік тәжірибелер немесе елеулі тақырыптық зерттеулердің, постерлердің оқыту материалдарының презентациялары, кітаптар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер, оқу құралдары, дөңгелек үстелдер, арнайы сессиялар және семинарлардың презентациялары арқылы біріктіріледі.

Дүниежүзілік Конгрестер жобалық басқару әлеуетін түсінетін қабылдаушы елдер үкіметтерінің қатысуы және қолдауымен өткізіледі. 2015 жылдың қыркүйегінде Панамада өткен 29-Әлемдік Конгресте Қазақстандағы 30-Дүниежүзілік  мерейтойлық Конгресті өткізу құқығы берілді.  «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қоры» және Жобаларды басқарудың қазақстандық қауымдастығы осы Конгрестің ұйымдастырушысы болып табылады. Конгрестің Бас серіктесі  «Назарбаев Университет» (әрі қарай-Университет) АҚ. Конгресті ұйымдастыру жөніндегі үйлестіруші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі. Конгреске әлемнің 60-тан астам елінен 1000-ға жуық ұлттық және шетелдік делегаттар қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстан үшін алдағы жұмыстар аясында адамның түрлі тыныс-тіршілігі саласында жобалық менеджментті қолдана алу мен зерттеу және ең үздік қазақстандық жобаларды әлемдік жобалық ынтымақтыстыққа ұсынудың теңдессіз мүмкіндігі пайда болып отыр.